Бас жаңалықтар
Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді
01 Қазан 2021, 15:13 519

Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы осы елдің мемлекттік телеарнасы хабарлады, деп жазды Хабар24.

Ақпарға қарағанда Пхеньян бұл жолы зениттік зымыранды ұшырып, оның іске қосатын қондырғысы мен радиолакаторды тексерген. 

Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея тағы да жылдамдығы дыбыстан жылдам «Хвасон-8» деген зымыранды сынақтан өткізіп, Жапония оған наразылық білдірген болатын. 

Бірақ Пхеньян бұл қарудан көрші елдерге еш қауіп жоқ дегенді айтады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...