Жағдайдың жақсаратынына үміт бар - Соловьева

9 Шілде 2020, 15:26
2058
Бөлісу:
Жағдайдың жақсаратынына үміт бар - Соловьева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді. 

13 шілдені Президент Ұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Бұған халық тарапынан қажеттілік туындап отырған еді. Президентттің бұл мәселені көтеруі орынды болды. Екіншіден, Президент 5 шілдеден басталған әлеуметтік белсенділіктің азаюын қарастыратын локдаун туралы да айтып өтті. Әлем елдері бойынша талдау жасалып, ондағы Қазақстанның орны анықталды. Президент әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар 12 млн екенін айтты. Қазақстан салыстырмалы түрде шектен шыққандар қатарында емес, дегенмен де жағдай ушығып, дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып, алгоритм бұзылды. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысады деп ойлаймын, - деді ол. 

Соловьева айтып өткендей, бірінші ТЖ жарияланған кезде көп адамның өмірі сақталды. 

Алайда мемлекеттік органдар жіберген қателіктер мен оның салдарының жауапкершілігін де Президент атап өтті. Мемлекет басшысы жақын адамдарынан айырылғандарға көңіл айтты. Себебі, біздің жер көліміне шаққанда халық саны аса көп емес. Сондықтан да ол әрбір қазақстандықтың өмірі қымбат екенін айтты. Азаматтарды сабырға шақырып, дүрбелеңге түспеуге тартуы да дұрыс. Тоқаев жіберілген қателер бойынша реттеу жұмыстары жүргізілетінін айтып, қосымша дәрі -дәрмек пен ауруханалардағы орындардың көбейетінін айтты. Бұл - өте маңызды. Жағдайдың жақсаратынына үміт бар, - деді ол. 

Айгүл Соловьева бағалардың шамадан тыс көтерілуі бизнестің халыққа деген жауапкершілігін арттыратынын айтты. 

Бұл жағдай бойынша да нақты шаралар қабылданып, дәрі-дәрмекке мұқтаж адамдарға тезірек көмек барады деп ойлаймын. Тапшылыққа көп назар аудара бермей, жағдайдың жақсаруына жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Әрине, әрбір азаматтың өмірі қымбат. Қазір адамдарды аман сақтап қалу үшін жедел шараларды қабылдау керек. Ал Президент оның барлығын атап өтті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы