Бас жаңалықтар
Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру Қазақстанның барлық қаласында жүргізілмейді
10 Сәуiр 2020, 12:55 191

Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру Қазақстанның барлық қаласында жүргізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның төрт өңірінде президенттің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы жарлығы бойынша жасақ құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев айтты.

Ел басшылығының коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған шаралары нақты уақытында қолға алынды. Елімізде төтенше жағдай режимін енгізгеннен бастап, президенттің әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы жарлығына дейін өз үлесін қосқысы келетін көптеген өтініш келіп түсті. Әскери міндеттілер ғана емес, ел азаматтарының көпшілігі президенттің бұл жарлығын жылы қабылдады, - дейді Серік Боранбаев.

Ол президенттің жарлығы жергілікті атқарушы органдарға жиын өткізуді міндеттемейді, бірақ құқық береді деп түсіндірді. Сондықтан әкімдер өз шешімдерін өңірдің қажеттіліктеріне байланысты қабылдайды.
 

Қазіргі уақытта  Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарында аумақтық әскери жиындар өтіп жатыр. Ал 13 сәуірде оқу-жаттығу жиыны Шымкент пен Қарағанды ​​облысында, 15 сәуірде - Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысында, 17 сәуірде - Түркістан облысында басталады.  

Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында арнайы жиынға шақыру жағы қарастырылып жатыр.
Әскери борышын өтейтіндер бақылау-өткізу пунктерінде тапсырмаларды орындайды, санитариялық-эпидемиологиялық жұмыстармен айналысады, кейбіреулері жедел штабтарда жұмыс істейді. Онда олар бұрын жұмыс істеген адамдарды алмастыра алады. Блок-посттар мен дезинфекциялық жұмыстарда да олар бір-бірін алмастырып отырады, - дейді штаб басшысының орынбасары.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...