Өскеменде Балалар күніне 200 литр сусын бәйгеге тігіледі

29 Мамыр 2019, 21:26
1971
Бөлісу:
Өскеменде Балалар күніне 200 литр сусын бәйгеге тігіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде «Color Fest – 2019» байқауs өтеді. Жүлдеге 200 литр тәтті сусындар тігілген. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Балаларды қорғау күніне арналған бұл байқау дәстүрге айналған. 1-2 маусым күндері Ертіс жағалауында, Амфитетарда болады.

Онда әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Жүлдегерлер тәтті сусындарға ие болады. Сондай-ақ балалар бір-біріне бояу шашысып ойнайды.

Одан бөлек сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін басқа да концерттік бағдарламалар өтеді. Байқаудың нақты уақыты 16:00 мен 18:00 аралығы.

Өзгелердің жаңалығы