Өскемен тұрғыны қанаты сынған үкі тауып алды

5 Тамыз 2019, 21:32
2837
Бөлісу:
Өскемен тұрғыны қанаты сынған үкі тауып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны сынық қанат үкі тауып алды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Қала тұрғыны жаралы құсты тауып алған сәтте не істерін де білмеген көрінеді. Ойлана келе, «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорына қоңырау шалыпты.

«Құс бірден клиникаға жіберілген болатын. Мамандар бас сүйек-ми жарақатын және қанатының сынғанын анықтады. Бүгін оған операция жасалады», - дейді қордың төрағасы Лариса Прокопьева.

Өзгелердің жаңалығы