Сқақов: Педагогтарға материалдық көмек көрсету – білімді нығайтудың басты бағыты

25 Қараша 2021, 13:03
1215
Бөлісу:
Сқақов: Педагогтарға материалдық көмек көрсету – білімді нығайтудың басты бағыты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының ауылдарындағы медицина қызметкерлері 250 млн теңгеден астам қолдауға ие болған.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты. 

Павлодар облысында жыл басынан бері ауылға жұмыс істеуге келген 85 медик көтерме ақы ретінде 41 млн теңгеден астам қаражат алды, олардың ішінде 52 маман 211 млн теңгенің бюджеттік несиелеріне ие болды. Павлодарда медицина қызметкерлері мен медицина колледждерінің студенттеріне арналған жалпы көлемі 400 орынды құрайтын жатақханаларды іске қосу жоспарланып отыр, - деді ол. 

Сондай-ақ әкімнің сөзінше, ауылдарға жұмыс істеуге баратын ұстаздар үшін тұрғын үй сертификаттарын іске қосу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Педагогтарға материалдық көмек көрсету – өңірдің білім беру жүйесін нығайтудың басты бағыттарының бірі. Өткен жылы «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісі бекітіліп, биыл оны 59 ұстаз алды. Белгімен бірге 1000 АЕК немесе 3 млн теңгеге жуық қаржылық сыйақы берілді, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Өзгелердің жаңалығы