2025 жылы Екібастұз қаласының экономикасына 737 млрд теңге инвестициялар тартылады

25 Қараша 2021, 12:56
867
Бөлісу:
2025 жылы Екібастұз қаласының экономикасына 737 млрд теңге инвестициялар тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. 

Екібастұздың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары 90%-ы жеке инвестициялардан жүзеге асырылатын 114 шарадан тұрады. Бюджеттік қаражат негізінен қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Оның ішінде Екібастұзда шығармашылық орталығы, мұз айдын, музей салынады және 20 мектебінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.  

Құрастырылған құжат барлық саланы қамтиды. Оны жүзеге асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер: 16,5 мың жаңа жұмыс орны, орташа жалақының 43%-ға өсуі, 200 мың шаршы метр жаңа тұрғын үйлер, өнеркәсіптік өндірістің 1 трлн теңгеге дейін артуы, 737 млрд теңге инвестициялар, - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-де.
Өзгелердің жаңалығы