Сирияда әскерилер мінген автобус жарылып кетті

4 Тамыз 2021, 14:18
2105
Бөлісу:
Сирияда әскерилер мінген автобус жарылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыс қысқа тұйықталу болып, артынша жанармай багы тұтанып кеткендіктен болған екен. Автобус жүргізушісі қаза тапты.

Сирия астанасы Дамаскте 4 тамыз, сәрсенбіде әскери қызметшілер мінген автобус жарылған. Бір адам қаза тапқан, деп жазады SANA.

Жарылыс электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Бұл жанармай багының өртенуіне әкелді.

Жарылыс салдарынан жүргізуші қаза тапты. Үш әскери қызметкер ауруханаға түсті.



Өзгелердің жаңалығы