Шымкенттегі «Төлем» жүйесінің логотипі Трамптікіне ұқсас боп шықты

23 Қазан 2020, 04:28
1064
Бөлісу:
Шымкенттегі «Төлем» жүйесінің логотипі Трамптікіне ұқсас боп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте автобустардың электронды төлем жүйесі енгізілмей жатып басы дауға қалды. Себебі, «Төлем» деп аталатын жүйенің логотипі тура Дональд Трамптың сайлауалды логотипінен аумай қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұрт мұны «ұқсастық емес, ашық плагиат» деп жатыр. Сондықтан оның дизайнын жасағандарға авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл төлету керек дегендер де табылды. Ал жауапты компания: «Логотипті өзіміз ойлап таптық» деп, азар-да безер. Дегенмен жұртқа ұнамаса, басқа белгімен ауыстыруға дайын екен. 

Алматыдағы «Оңай» төлем жүйесіне ұқсас шымкенттік «Төлем» жүйесі апта бұрын ғана іске қосылған. Ал даулы логотип 800-ден автобустың валидаторына жапсырылған.

Негізі бұл белгінің бастапқы нысаны белгі беретіні QR код болуы керек еді. QR код тағы да 4 Т әрпі. Сол төртеуін қосқанда ол осындай боп шықты. Әлеуметтік желілерден естіген әңгіме бойынша, бұл плагиат әлгі Трамптікіне ұқсас екен. Оны да содан біліп, қарастырсақ, иә қатты ұқсайды екен. Оған біздің қатысымыз жоқ. Ешқандай қатысымыз жоқ, - деді QazSmartTrans компаниясының директоры Сержан Ақылбеков.

Өзгелердің жаңалығы