Отын-энергетика кешені саласында 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

28 Қыркүйек 2021, 10:59
14000
Бөлісу:
Отын-энергетика кешені саласында 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, Индустрияландыру картасын іске асыру шеңберінде отын-энергетика кешені саласында 4,5 трлн теңгеге 19 жоба іске асырылған.

Сондай-ақ министр республикалық картада 4,3 трлн теңге сомасына 3 жоба көзделгенін алға тартты.

Бұл жобалар шеңберінде шамамен 12 550 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде құрылыс кезеңінде 10 900 адам және пайдалану кезеңінде 1 650 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ал биыл 25 млрд теңгеге 1 жоба жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ, ол жоба – Шымкент қаласында метил-трет бутил эфирін өндіру зауыты салынды, - деді министр.

Сонымен қатар Энергетика министрі бүгінде жалпы сомасы 4,3 трлн теңге болатын 2 жоба іске асырылып жатқанын айтты.

Ол интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы (бірінші фаза - полипропилен) және интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы (екінші фаза - полиэтилен), - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Айта кететін жайт, бұған дейін қай облыстарға инвестиция көп құйылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы