Шымкентте вакцина салдырғандар саны 200 мыңнан асты

13 Маусым 2021, 07:53
2173
Бөлісу:
Шымкентте вакцина салдырғандар саны 200 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы бойынша вакцинацияланғандар саны 200 110 адамға жетті, деп жазды otyrar.kz.

Үшінші мегаполис тұрғындарының 104 894 -і екпенің ІІ компонентін қабылдап үлгерген. Ал Түркістан облысы бойынша вакцинаның I компонентін 254 140 тұрғын, ал II компонентін де 91035 адам салдырды. Жалпы ел бойынша індетке қарсы екпе алғандар саны 2 416 430 адамды құрайды.

Дегенмен, өткен тәулікте тағы 1120 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 40-ы шымкенттік, 13-і Түркістан облысының тұрғындары. Індет екпіні әлі де бәсеңдер емес. Күні кеше 12 отандасымыз коронавирустан қайтыс болды. Оның бірі Шымкент тұрғыны. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ауруханаларда 22 мыңға жуық науқас коронавируспен күресіп, ем алып жатқандығын айтады. Тағы 521 адамның жағдайы ауыр.


Өзгелердің жаңалығы