Шымкентте тіркелген науқас жетісайлық науқаспен бір пойызда болған

5 Сәуір 2020, 10:32
1229
Бөлісу:
Шымкентте тіркелген науқас жетісайлық науқаспен бір пойызда болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында ​ 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы хабарлады.

Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны 24 жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен 23 наурызда Петропавл-Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан 2 сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған. Тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен 5 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпты - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, 3 А үй карантинге жабылды. Науқаспен байланыста болған 7 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы