Шымкентте полицияның қарулы күзетімен банкоматтар толтырылып жатыр
13 Қаңтар, 13:55 273

Шымкентте полицияның қарулы күзетімен банкоматтар толтырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полицияның қарулы күзетімен банкоматтар толтырылуда, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін еліміздің аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 

Осыған орай, Шымкент қаласы аумағында орналасқан “Қазпошта” АҚ-ның және екінші дәрежелі “Halyq”, “Nurbank”, “Альфа-банк”, “Kaspi”, “Jusan” банктерінің банкоматтарын толтыру кезінде инкассаторлардың және олардың қызметтік автокөлігінің қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етуде, - делінген хабарламада. 

Бұл жұмысқа Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің 30 арнайы автоэкипажы жұмылдырылды.

Аталған автоэкипаждарда автомат қаруымен қамтамасыз етілген екі қызметкер инкассаторларды таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күзетіп, қызмет атқаруда. 

Сонымен қатар  жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің арнайы автоэкипаж құрамы Жедел басқару орталығынан түскен шақыртулар бойынша қызмет атқаруда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...