Шымкентте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

23 Маусым 2019, 15:49
1528
Бөлісу:
Шымкентте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполистегі А. Асқаров атындағы дендросаябақта 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Мемлекеттік қызметшілер - мемлекеттің тірегі. Сіздер елдегі өмірдің қайнаған ортасында жүріп, мемлекеттік идеология мен саясаттың жүзеге асырылуына атсалысасыздар. Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласына 1997 жылдан бастап оң өзгерістер енді. Елбасының "Қазақстан - 2030" стратегиясында мемлекеттік қызмет туралы арнайы бөлім бар. ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен біздің елімізде ТМД бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды. Қазіргі таңда көрші елдер біздің заңдарды пайдалануда. Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!» - деді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы