Шымкент. Бір аптада 4 мыңнан астам хаттама толтырылған

29 Қыркүйек 2020, 01:34
1362
Бөлісу:
Шымкент. Бір аптада 4 мыңнан астам хаттама толтырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өткен аптаның ішінде жол саласы бойынша төрт мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырған.

Polisia.kz порталының мәліметіне қарағанда, 2020 жылы қыркүйек айының 21-27 күндері аралығында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жол саласы бойынша мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың басым бөлігінде 325 жүргізуші автокөліктің терезелерін күңгіртеп автокөлікті басқарған, 227 жүргізуші көлік құралын басқарған кезде ұялы телефон қолданғаны үшін 494 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған мерзімде айыптұраққа 33 автокөлік жеткізілген.

Құрметті жол қозғалысының қатысушылары Сіздерден жолда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды, сыпайылық және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз, - дейді Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы