Шығысқазақстандық еріктілер жалғызбасты қарттардың қарын күреді

28 Қаңтар 2020, 21:02
2762
Бөлісу:
Шығысқазақстандық еріктілер жалғызбасты қарттардың қарын күреді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қолдарына күрек алып, қаладағы Абай ескерткішінің маңын қардан тазартуды бастаған еріктілер, игілікті істі жалғыз-жарым жандардың аулаларында жалғастырды.

Семей қаласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қолдарына күрек алып, қаланың мәдени нысандарының маңдарын қардан тазартты. Бұл жолы Абай ескерткішіне іргелес аумақты қардан тазарту үшін 30-ға жуық ерікті шықты.

Бүгін ақынның 175 жылдығына орай оның ескерткішіне іргелес жатқан аумақты қардан тазартуға шықтық. Өзім осындай шараларға жиі қатысып тұрамын, - деді Радиотехника және байланыс колледжінің бірінші курс студенті Никита Гутов.
Акция аясында еріктілер ескерткіш жанындағы қарды тазалап қана қоймай, сондай-ақ Восточный кентіндегі жалғыз басты зейнеткерлерге аулаларды қардан тазартуға қолұштарын созды.

WhatsApp Image 2020-01-27 at 16.36.38 (1).jpeg

Еріктілер атап өткендей, аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Кезекті акциялар барысында еріктілер шаһардағы басқа да мәдени орындардың аумағын қардан тазартуды көздеп отыр.

Қоса кетсек, бұған дейін өскемендік белсенді жастар "ASAR" облыстық волонтерлік CHALLENGE акциясын бастаған болатын. Акция аясында балалар үйлерінің, балабақшалардың, мектептердің, қарт адамдар мен ардагерлер үйлерінің ауласын, ескерткіштерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілмек. Игі бастама аясында облыс орталығындағы "Үміт" балалар үйінің аумағын қардан тазартқан 100-ге жуық ерікті челленджді Семей қаласының волонтерлік орталығына жолдаған болатын. 

Акция 2020 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы