Шығыс Қазақстанда VIII қысқы универсиада ойындары басталды

22 Ақпан 2020, 14:55
3401
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда VIII қысқы универсиада ойындары басталды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде жоғары оқу орындары арасындағы қысқы универсиада ойындары басталды.

Студент жастардың спорттағы шеберлігі мен жігерін сынайтын дүбірлі дода белгілі ғалым Әбі Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналуда. Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылған Универсиада ерлер мен қыздар арасындағы қысқы Президенттік көпсайыстан бастау алды. VIII қысқы Универсиадаға Қазақстанның облыстарында орналасқан оннан астам жоғары оқу орнының спортшы студенттері қатысуға тілек білдірді.

Киелі Шығыстың, кенді Алтайдың төріндегі Өскемен шаһарына келулеріңізбен. Жастар білімімен қатар, спорттағы жетістіктері арқылы да еліміздіңтиабыройын асқақтатып, әлемге таныта беретіні белгілі. Осыған дейінгі уақытта көзге түскен мықты спортшыларымыздың ізін сіздер басып келе жатырсыздар. Табыс тілеймін, сіздерден тек жеңісті күтеміз, бұл жарыста сіздердің жанкүйерлеріңіз боламыз, - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

Қоса кетсек, Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген студенттер алдағы үш күнде спорттың бірнеше түрі бойынша сайысқа түсетін болады. Қазіргі уақытта олар шаңғымен жарыс жолына шықты. Ары қарай оларды күш гимнастикасы мен нысананы көздеп атудан жарыс күтуде. Бұдан бөлек, аталған Универсиада нәтижесі бойынша 2021 жылы өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарына спортшылар іріктелмек.

 


Өзгелердің жаңалығы