ШҚО-ның бір ғана ауданында 60 жоба жүзеге асып жатыр

26 Қыркүйек 2020, 07:40
2262
Бөлісу:
ШҚО-ның бір ғана ауданында 60 жоба жүзеге асып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында әлеуметтік нысандарды жөндеп, елді мекендерді абаттандыру мақсатында 60 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, 60 жобаның 25-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған. Бүгінде Қалбатау ауылындағы үш көше мен Шар қаласындағы Қабанбай көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шар қаласындағы Амангелді көшесіне, Қалбатаудағы екі көшеге, сондай-ақ, Әуезов кентіндегі Геология көшесіне жарық тартылды. Қалбатау ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы салынған. Шуақ ауылында да сондай бір алаң бой көтерді.

Бүгінгі күні 23 жоба жүзеге асырылды. Ал қалған екі жоба жуықта аяқталады. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 жоба қолға алынған. Әуезов кентінде 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, - деді Айдар Ибраев.
Бақыршықтағы орта мектеп пен Абай атындағы мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 486 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Бұдан бөлек, Қалбатау ауылы мен Әуезов кентіндегі жолдарға да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы