ШҚО-да орман алқабы өртке оранды
2 Мамыр, 12:00 660

ШҚО-да орман алқабы өртке оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданында орман алқабы өртеніп жатыр.Таулы аймақтан шыққан өрт 50 гектар алқапты шарпыған.  Қазір тілсіз жаумен күреске  МИ-8 тікұшағы  жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сондай-ақ ҚазАвиаОрманКүзеті мекемесінің десанттары мен жергілікті орманшылар да өртпен арпалысып жатыр. Жұмысты күн райының қолайсыздығы біраз қиындатып тұр, өйткені екпіні  секундына 7 метрге жететін жел соғып тұр. 

Әзірге елді мекендер мен ауыл аймаққа төнген қауіп жоқ.


Фото: дереккөз
Загрузка...