Шпекбаев жемқорлыққа жақын органдарды атады

14 Қаңтар 2021, 14:13
1800
Бөлісу:
Шпекбаев жемқорлыққа жақын органдарды атады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана- адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған қызмет көрсету орындарына барған кезде журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты. 

Олар әлеуметтік сауалдар жүргізді. Статистика да болды. Қоғам мен бизнестегі жалпы жемқорлықты зерттеді. Олар БҰҰ мен «Transparency» ұйымдарының тәжірибесі бойынша есептеу жүргізді. Әлемдік жемқорлықтың барометрі де бар. Олар жүргізген сауалнамаға сарапшылар да қатысты. Сондықтан мен олардың зерттеуі дұрыс деп есептеймін, - деді Шпекбаев. 

Ал Алик Шпекбаев өзінің пікірі бойынша жемқорлыққа жақын органдарды атады. 

Салық саласы мен полиция, кедендік қызметті атауға болады. Сондай-ақ, көп арыз өрт сөндіру қызметіне де түсіп жатады. Әкімдіктерге де сұрақтар болады. Ауылдық және аудандық әкімдіктерді атауға болады, - деді Шпекбаев. 

Айта кетейік, «Transparency Kazakhstan» ҚҚ ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы