Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынды

7 Ақпан 2019, 13:52
3321
Бөлісу:
Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлім етті.


«Ешкімге қажет емес анықтамалар, оның ішінде № 083, № 086 формаларын жинау қажеттілігі соңғы уақытта азаматтардың наразылығын тудыруда. Көп жағдайда бұл құжаттар шешім қабылдауға әсер етпейді. Сонымен бірге, олардың сатылымы бойынша көптеген индустрия да кездесіп жатады», - деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Осы орайда Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

«Қандай құжаттардан ауыртпалықсыз бас тартуға болады? Ұсыныстарыңызды енгізуіге шақырамын», - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін сарапшы Рахим Ошақбаев Түркістан полициясы 422 млн теңге кресло сатып алғысы келетінін,  өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталғанын жазғанбыз.
Дәурен ЕРБОЛАТ

Өзгелердің жаңалығы