Бас жаңалықтар
Шоранов: Еліміздің төрт қаласында дистрибьютор хабтар құрылды
21 Қараша 2020, 22:42 126

Шоранов: Еліміздің төрт қаласында дистрибьютор хабтар құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Алматыға жұмыс сапарымен барды.

Алғашқы күні ол медициналық нысандардың қызметімен, «СК-Фармация» ЖШС қоймаларында қажетті дәрілік препараттардың болуын және жалпы өңірдің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының базасында М.Шоранов медициналық ұйымдардың басшылығымен коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық бойынша селекторлық режимде кеңес өткізді. Медициналық қоғамдастық өкілдері Алматыдағы медициналық мекемелердің жұмыс істеу мәселелерін және негізгі проблемаларды талқылады.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының модульдік клиникасының қызметімен танысып, құрылған «СК-Фармация» ЖШС хабында болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сәйкес, республиканың төрт қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте бірыңғай дистрибьютор хабтары құрылды. Онда медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдарының қоры қалыптастырылды. Ол белгілі бір аймақта нақты позициялар бойынша аурудың өршуі жағдайында қолданылады. Дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдары қолданылған жағдайда, пайдаланылған көлем жедел толықтырылуы тиіс, - деп атап өтті М.Шоранов.

Бірінші вице-министр «AbdiIbrahimGlobalPharm» ЖШС зауытында болып, дәрілік заттар өндірісінің толық тізбегімен танысты.

Іссапардың бірінші күнінің қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың қызметіне баға беріліп, Алматы қаласының Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі тиімді дамыту жөнінде тапсырмалар берілді



Фото: дереккөз
Загрузка...