Шөкеев: Түркістанды спорт орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар
16 Қараша 2021, 08:37 83

Шөкеев: Түркістанды спорт орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңіне сәйкес облыс орталығының жан-жағы жасыл белдеумен көмкеріліп, бау-бақша аумағы артады.

Шаһардағы құрылыс және абаттандыру жұмысын кезекті рет бақылап, қадағалаудан өткізген Өмірзақ Шөкеев осы бағыттағы іс қарқынын тоқтатпауды тапсырды. 

Өңір басшысы алдымен әуежай бағытындағы жасыл белдеудің жұмысымен танысты. Сонымен бірге Шаға көлі, экобазардың жай-күйін бағдарлады. 

Қаланы дамытудың ІІ кезеңіне сәйкес әуежай бағыты маңында 12 жобаны іске асырыру көзделген.  Оның ішінде 400 гектар қара өрік бағы, 50 гектар жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені және өзге де жобалар бар. Аталған аумақты аралаған облыс әкімі «Дарын» мектебі мен жатақханасының құрылыс барысымен де танысып, жауапты басшылар мен мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақтылы жүргізуді тапсырды. 

Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында халықаралық деңгейдегі спорт нысандары салынып жатыр. Атап айтсақ, теннис орталығы, қысқы спорт түрлері сарайы, ескек есу базасының құрылысы қарқынды. 

Түркістанда туризмді ғана емес, спортты да дамытуға мүмкіндік бар екенін айтқан Өмірзақ Шөкеев «Бұл нысандардың бәрі жас ұрпақ үшін салынып жатыр. Жастарымыз спортты серік етіп, денсаулығы мықты болып өссе, мемлекет болашағы да жарқын болады. Сондықтан бұл спорт нысандарының бәрі заман талабына сай, сапалы әрі ыңғайлы етіп салынуы тиіс» - дей келе Түркістанның спорт орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. 

Осы салаларға жауапты өкілдерге тиісті тапсырмалар беріп, әр істі жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Облыс басшысына америкалық үлгідегі жаңа үйлердің жобасы таныстырылды. Әр үйдің жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрайды. Модульдік үйлер заманауи үлгіде салынады. 


Фото: дереккөз
Загрузка...