Бас жаңалықтар
ШҚО кәсіпорындардың 68 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған
12 Мамыр 2021, 11:30 195

ШҚО кәсіпорындардың 68 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің 10 мыңнан астам кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасайтын ұжымдық шарттар жасалған.

Облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың хабарлауынша, бүгінгі күні аймақтағы 10 505 кәсіпорында ұжымдық келісімшарттар жасалған. Бұл өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындардың 68,3 пайызын құрайтын көрінеді.

Қазір облыста электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне 7841 жұмыс берушілермен 199 мыңнан астам еңбек шарты енгізілді. Әлеуметтік серіктестермен де бірлесіп ұжымдық шарттар жасалуда. Сондай-ақ жалақы төлеудің уақытылығы мен толықтығына да мониторинг жүргізу жалғасуда. Аталған мәселелер облыста құрылған үшжақты комиссияның отырыстарында қаралады, - деді Бақытбек Қизатов.

Инспекцияның былтыр жыл көлемінде жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 1 294 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызы қайтарылып, 198 кәсіпорында 8547 жұмысшының құқықтары қорғалған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, өткен наурыз айында өңірдегі жағдайды мониторингілеп отыратын арнайы топ құрылып, іске кіріскен. 

Инспекция басшысының айтуынша, аталған топтың негізгі міндеті облыстың аудан, қалаларында болып жатқан еңбек жағдайларын күнделікті қадағалап отыру көрінеді.

Осының барысында біз 470 өтінішті қарап, 1008 заңбұзушылықты анықтадық. Өндіріс барысында жарақаттанудың деңгейіне келсек, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендеді, - деп қосты Бақытбек Қизатов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...