ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 55 жағдай анықталды

17 Сәуір 2021, 00:32
1193
Бөлісу:
ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 55 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтар рейд жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Алтайньюс.

15 сәуір күні Өскеменде облыстың бас санитарлық дәрігері бекіткен шектеу шараларын бұзудың 25 фактісі тіркелді. Сондай-ақ бұрын анықталған маскалық режимді бұзғаны үшін жалпы соммасы 175 020 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Семей қаласында 382 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіліп, маскалық режимді бұзған 25 жағдай анықталды. Нәтижесінде 43 755 теңге сомасына бір хаттама жасалып, жалпы соммасы 218 775 теңгені құрайтын 5 айыппұл өндірілді.

Ал Риддерде 72, Алтай ауданында 148 нысан рейдтік іс-шарамен қамтылып, шектеу шараларын бұзған екі жағдай белгілі болды.

Шемонаиха ауданында мониторингтік іс-шаралар 78 нысан қамтылып, шектеу режимін бұзудың 1 фактісі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы