ШҚО-да рейдтік жұмыстар жалғасуда

5 Мамыр 2021, 06:56
1474
Бөлісу:
ШҚО-да рейдтік жұмыстар жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде облыстың бас санитар дәрігері бекіткен карантиндік талаптарды сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар күн сайын жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс.

3 мамыр күні мониторингтік топтар Семей қаласындағы 270 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді. Аталған қалада құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Риддер қаласында да рейдтік іс-шарамен 74 нысан қамтылып, шектеу шараларын бұзғандар кездеспеді.

Курчатов қаласында мониторингтік топтар 30 нысанды тексеріп, карантиндік талаптарды бұзғандар анықталған жоқ. 

Осы сияқты рейдтік жұмыстар Ұлан, Зайсан, Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Аягөз, Бесқарағай, Абай, Күршім және Алтай аудандарында да жүргізілді. Аталған аймақтарда да құқық бұзушылар кесдескен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы