ШҚО-да өрттен екі адам қаза тапты

30 Шілде 2021, 00:15
2765
Бөлісу:
ШҚО-да өрттен екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха ауданындағы үйлердің бірінен өрт шығып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өрт 29 шілде күні сағат 2:30 шамасында болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген уақытта 1989 жылғы ер адамның денесін тапты, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Артынша құтқарушылар үйдің конструкциясын бөлшектеген кезде тағы бір мәйітті тапқан. 
Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.

Өзгелердің жаңалығы