ШҚО-да бес жылда 196 млн көшет отырғызылады
17 Қараша 2021, 22:28 84

ШҚО-да бес жылда 196 млн көшет отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында алдағы бес жылда 40,6 мың гектар жерге 196,8 миллион көшет отырғызылады, деп хабарлады Алтайньюс.

Ел Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік орман қоры алқаптарына 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған еді. Осыған байланысты облыстың табиғат қорғау мекемелері ормандарды молықтырудың кешенді жоспарын әзірленген еді.

Жоспарға сәйкес облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 13 орман шаруашылығы 15 мың гектар жерге 76 000 000 түп көшет отырғызады.

Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерватына 25 400 гектарға 120 600 000 мың көшет отырғызу міндеттелген.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегілер 198 гектар жерге 792 000 көшет отырғызады.

Бір жыл ішінде осы аталған мекемелері жалпы 4151 гектар аумаққа 23 581 000 көшет отырғызып үлгергенін айта кетуіміз керек. Орман мекемелері 2021 жылы 32,62 гектар алқапқа орман тұқымын сепкен.

Мамандар алғашқы екі жыл ең маңызды кезең деп отыр. Бұл дайындық кезеңі болып есептеледі. Көшеттердің негізгі бөлігі 2023 жылдан бастап отырғызылады. Оған дейін тұқымдар көктеп үлгеруі тиіс.






Фото: ашық дереккөз
Загрузка...