Бас жаңалықтар
Шетелдік банктерде шоты бар мемлекеттік қызметші өзінің мемлекетіне сенбейді – Бәшімов
28 Желтоқсан 2020, 17:24 640

Шетелдік банктерде шоты бар мемлекеттік қызметші өзінің мемлекетіне сенбейді – Бәшімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Агенттіктің АМТ мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты.

Әрбір адам адалдық деген түсінікті әркез есінде ұстауы керек. Қоғам жауапкершілікті арттыруда не әсер етті? Ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекеттік қызметшілер – билігі бар соттар, түрлі заң қабылдайтын депутаттарды алайық, олардың арасында шетелдік банкттерде шоттары барлары да кездеседі. Шетелдік банктерде шоты бар мемлекеттік қызметші өзінің мемлекетіне сенбейді деген сөз, - деді ол.

Марат Бәшімов мемлекеттік қызмет – жауапкершіліктің ерекше түрі екенін еске салды.

Егер адам бір елде тұрып, адал болса, сол елде өмір сүріп, қызмет етсе, демек, ашық болуы керек. «Міне, қызмет еттім, табыс таптым, ол қаражат халықтың қаржысымен бірге мына жерде жатыр» деген сияқты ашық болғаны жөн, - деді ол.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қонақта болған Марат Бәшімов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар» тақырыбында ой қорытты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...