Бас жаңалықтар
Шетелден анықтамасыз келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды
09 Наурыз 2021, 10:10 283

Шетелден анықтамасыз келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 наурызда ел аумағына БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 565 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 464 адам, анықтамасыз 101 жолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 544 жолаушы, анықтамамен - 1 468, анықтамасыз - 76;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 456 жолаушы, анықтамамен - 439; анықтамасыз - 17;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 441 жолаушы, анықтамамен - 433; анықтамасыз - 8;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 124 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

7 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 984 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Фото: дереккөз
Загрузка...