Шенеунік зейнетақы алу үшін жасын 34 жылға ұлғайтқан

23 Тамыз 2019, 10:19
1922
Бөлісу:
Шенеунік зейнетақы алу үшін жасын 34 жылға ұлғайтқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1989 жылы дүниеге келген ер адам зейнетақы алу үшін төлқұжаттағы деректерін өзгерткен. Бұл туралы korrespondent.net жазады.

Дағыстанның Леваш ауданында Кулецма ауылы басшысының орынбасары еңбек зейнетақысын алу үшін жасын 34 жылға ұлғайтқан. Бұл туралы республика прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті миграциялық қызмет бөлімінде 28 жастағы шенеунікке туған күні өзгертіліп, жалған паспорт берілген.

Бұдан бөлек ол еңбек кітапшасын да жасап алған. Құжатта шенеунік 1985 жылдан бастап 1996 жылға дейін жұмыс істеді деп көрсетілген.

2018 жылдың ақпанында ер адам зейнетақы қорының аудандық бөлімшесіне жасына байланысты зейнетке шығу өтінішін жазады. Содан кейін оған 2018 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін 155 мың рубльден астам (911500 теңгеден астам) зейнетақы аударылған.

Ер адамға қатысты алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану туралы және зейнетақы қоры мен миграциялық қызмет қызметкерлеріне қатысты қызметтік жалған әрекет жасау туралы іс қозғалды.


Өзгелердің жаңалығы