Шекарашылар екі өңірде қарасора алқаптарын тауып, көзін жойды

23 Тамыз 2019, 16:52
1780
Бөлісу:
Шекарашылар екі өңірде қарасора алқаптарын тауып, көзін жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар батыста және солтүстікте қарасора алқаптарын тауып, көзін жойды.

«Орал шекара отрядының «Погодаево» заставасының аумағындағы трансшекаралық «Таловая» су қоймасының маңында кеше кешкілік шекарашылар 1,5 гектарға өскен, құрамында есірткі заты бар жабайы қарасора өсімдігі қаулап өскен алқапты анықтады. Анықтап қана қоймай, сағат 20 мен 21.00 аралығында аудандық, ауылдық әкімдік пен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, саны 4700, салмағы 600 кг-дай болатын есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы көзін жойды», - делінген ҚҰ ҰҚК Шекара қызметінің таратқан хабарламасында.

Дәл осындай жабайы қарасора алқаптары солтүстік бағыттағы Петропавл шекара отрядының «Қасқат» (2 гектар, 2000 түпке, 1000 кг-ға жуық), «Ақкөл» (1,2 гектар, 3000 түпке, 1400 кг-ға жуық ) заставаларының аумақтарынан да табылып өртелінді.


Өзгелердің жаңалығы