Шахановтың көмекшісі ақынның денсаулығына қатысты көмек сұрады

10 Шілде 2020, 11:16
4822
Бөлісу:
Шахановтың көмекшісі ақынның денсаулығына қатысты көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұхтар Шахановтың орынбасары, жазушы Құдияр Біләл Facebook-те ақынның ауырып жатқанын айтып, Президенттен көмек сұрады. 

Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы, әлеуметтік желі бетінде хабарланғанындай, қазақтың біртуар дара перзенті Мұхтар Шаханов өзіңіз алаңдаушылық танытып отырған өкпе қабынуы ауруына шалдығып, Алматы қаласындағы "Қалқаман" ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ауырғанына бір жұмадан асты. Емдеу шаралары әлі күнге дейін оң нәтиже бере қойған жоқ. Аурухана әкімшілігі М. Шахановты ауруға шалдыққан көп адамның бірі ретінде ғана қабылдауда. Ал Шаханов, өзіңіз білетіндей, КСРО кезінен бастап тәуелсіздік алуымыз үшін қызмет еткен санаулы тұлғаның бірі. Рас, жоғары билік шешімдерінің бәріне бірдей бас шұлғи бермейді. Бірақ сіздің ұлттық мәселелерге қатысты шешімдеріңізді жоғары бағалайды. Өзіңіз президенттікке сайлауға түскен кезіңізде де ашық түрде қолдау білдіріп, ұлт зиялыларын төңірегіңізге жиналуға шақырған болатын. Мұхтар Шаханов сол ниетінен бір сәтке де айныған жоқ, - дейді Құдияр Біләл.

Ол Президентке Шахановтың ауруханада бір аптадан бері елеусіз ем алып жатқанын айтты. Біләл ақынның денсаулығына мемлекеттік тұрғыда назар аударуды сұрап отыр.
Өзгелердің жаңалығы