ШҚО-да 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады

26 Ақпан 2019, 09:37
1587
Бөлісу:
ШҚО-да 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады

Астана, BAQ.KZ. Риддерде көкөніс өсіру үшін үлкен жылыжай салу жоспарлануда.

Қала әкімі Жомарт Мұратовтың мәлімдеуінше, аталмыш идеяны Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері ұсынған, деп жазады Аltaynews.kz. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының барысы талқылануда. Қала басшысы бұл ретте сапаға көп көңіл бөлу керектігін алға тартты.

«Жылыжай жобасын голландиялықтар жасап жатыр. Құрылыс жабдықтары да аталмыш елдікі. Инвестицияның жалпы көлемі 12 миллиард теңгені құрайды. «Көкөніс курортының» жалпы аумағы он екі гектар – алты гектар қиярға, алты гектар қызанаққа бөлінеді. Жылыжай кешенінде екі жүз адам жұмыс істейтін болады. Алайда, әзірге құрылыстың басталуы туралы сөз болған жоқ, жоба әлі де талқылау сатысында», – деді Жомарт Мұратов.

Өзгелердің жаңалығы