Шөкеев «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды

11 Қазан 2019, 06:18
2164
Бөлісу:
Шөкеев «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Кәсіподақтар күні» мерекесі күні ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов Арыс қаласына арнайы келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеудесіне төсбелгі тақты.

«Халықтың қамы үшін сіңірген еңбегіңіз ерен. Оны бүкіл халық біліп отыр. Арыстағы апат орын алғанда 50 мың халықты қауіпсіз жерге көшіріп, қаңырап қалған тұтас бір қаланы аяққа тұрғызу қыруар іс. Сіз сын сағатта сабыр сақтап, ерен еңбектің үлгісін көрсеттіңіз. Бүкіл халық бір адамдай жұмылып, еңбек етті. Еліңіздің алдында абыройыңыз асқақтай берсін», - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов

Сондай – ақ,  Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтар ҚР премьер – министрінің және республикалық кәсіподақтар федерациясың «Алғыс хатымен», кәсіподақтар федерациясың «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың тізімінде Арыс қаласы әскери бөлімінің цех технигі, кәсіподақ мүшелері, құрылысшылар мен вагон пайдалану депосының өкілі бар. Жиын Түркістан облысы әкімдігі мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қою рәсімімен жалғасты. Кәсіподаққа сенім артқан азаматтардың жалпы саны бойынша Түркістан облысы еліміз бойынша көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы