Шөкеев 12 млрд, Көлгінов 8 млрд теңгені игере алмай отыр

13 Желтоқсан 2019, 09:43
5494
Бөлісу:
Шөкеев 12 млрд, Көлгінов 8 млрд теңгені игере алмай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қаржыны иегере алмай отырған өңірлерді атады.

Жалпы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,3%-ға, республикалық бюджет кірістері 99,4%-ға және жергілікті бюджеттер кірістері 97,4%-ға атқарылды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджеттен 12 трлн 352 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджеттің  шығыстары 10 трлн 594 млрд теңгеге атқарылды. 69 млрд теңге атқарылмады. Оның 19 млрд теңгесі үнемдеу болды.  Ал, игерілмеу сомасы 50 млрд теңгені құрады,- дейді Әлихан Смайылов
Оның айтуынша, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу немесе сотта қаралып жатқан істерге байланысты кей жағдайда бөлінген қаражат игерілмей жатыр екен. 
Қаражаттың игерілмеуінің ең ірі сомалары келесі өңірлерде байқалып отыр: Түркістан облысы – 12 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 8 млрд теңге, Шымкент және Алматы қалаларында тиісінше 7 млрд теңге және 6 млрд теңге, Атырау және Маңғыстау облыстарында – 3 млрд теңге, - дейді министр.
Яғни, Өмірзақ Шөкеев басқаратын Түркістан облысы мен Алтай Көлгінов басқаратын Нұр-Сұлтан қаласы ең көп қаржыны игере алмаған өңірлер.
Өзгелердің жаңалығы