Бас жаңалықтар
Серікқали Брекешев Экология министрі болды
10 Қыркүйек 2021, 12:32 183

Серікқали Брекешев Экология министрі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тоқаев С.А. Брекешевті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындады.

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын, - делінген Президент жарлығында.

Серікқали Аманғалиұлы 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған.

1990-1995 жылдары Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультетінде оқыған.

1995-1997 жж. «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист;

1997 ж. Ақтау қ. Салық бөлімі, инспектор;

1997-1998 жж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер;

1998-2006 жж. «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері;

2007-2008 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің Мұнай өндіруге мониторинг жасау басқармасы, басқарма бастығы;

2009-2010 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директордың орынбасары;

2010-2014 жж. Мұнай және газ министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директор;

2014-2015 жж. «BNG Ltd» ЖШС, бас директордың орынбасары;

2015ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, Техникалық саясат департаментінің директоры;

2015 ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор;

2015-2016 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор;

2016-2018 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ, Өндірістік-техникалық департаментінің директоры;

2018 ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың наурызынан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келді.

Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасын, Премьер-министрдің Алғыс хатын, Президенттің Құрмет грамотасын алған. 

Фото: дереккөз
Загрузка...