Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

18 Қараша 2020, 13:48
4965
Бөлісу:
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

Жұманғали Дәуітұлы - құрметті шахтер, еңбек ардагері. Үш ұл өсірген. Бірін – Серік, екіншісін Сергей деп атаса, үшіншісіне туған інісі Бақтайдың есімін берген.

Биылғы жылы ақпан айында сол інісі Бақтай Сәпиев те қайтыс болған еді. Ол КСРО спорт шебері (1972 ж), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1973 ж), КСРО-ның жастар арасындағы 1973 жылғы чемпионы, 1972 жылғы күміс жүлдегері, ересектер арасындағы 1974 жылғы күміс, 1976 жылғы қола жүлдегері, Қазақстанның 1972, 1973 жылдарғы чемпионы, «Достық» ойындарының 1973 жылғы жеңімпазы. Ол 1973-1976 жылдары КСРО құрамасы сапында болды.

Өзгелердің жаңалығы