Сенаторлар Есеп комитетінің мүшесін орнында қалдырды

24 Маусым 2021, 10:57
1363
Бөлісу:
Сенаторлар Есеп комитетінің мүшесін орнында қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында есеп комитетінің мүшесі тағайындалды.

Конституцияға сәйкес, Сенаттың квотасы аясында Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне осыдан бес жыл бұрын тағайындалған Нұрлан Нұржановты жаңа конституциялық мерзімге тағайындауды ұсынамын,- деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Нұрлан Нұржанов 1975 жылғы 8 сәуірде дүниеге келген. Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

1997 жылдан мемлекеттік қызметте жүр. Оңтүстік Қазақстан облысының Қаржы департаментінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін Кентау қаласы бойынша Қаржы бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болған. 2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы маусымға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

2016 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы