Сенат ТЖ кезінде Президенттің өкілеттілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын қабылдады

14 Мамыр 2020, 12:14
1837
Бөлісу:
Сенат ТЖ кезінде Президенттің өкілеттілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын қабылдады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қабылданды. Бұл заң жобасында төтенше жағдай кезінде Қазақстан Президентінің өкілеттігін кеңейту мәселесі қаралған.


Осы заң қабылданған соң билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіп бойынша шешім шығарады деп күтілуде. 
Заң жобасы мемлекет басшысының 2020 жылғы 16 наурыздағы "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары" жөніндегі бұйрығын орындау барысында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты - төтенше жағдай кезінде әлеуметтік-экономикалық салада жедел шешім қабылдау, - дейді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Сонымен қатар, аталған құжат бойынша "Төтенше жағдай туралы" және "Құқықтық актілер туралы" заңдарға түзетулер енгізілмек. Оларға 14 сала жатады:
- салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама, 
- денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама, 
- әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, 
- елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері.



Өзгелердің жаңалығы