Сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне жіберілмейді

5 Қаңтар 2021, 16:38
1874
Бөлісу:
Сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне жіберілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі науқан кезінде сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастырудың қорытындылары туралы отырыс өтті. Отырыс барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Дауылбаев сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне қатыстырылмайтынын жеткізді. 

Егер коммерциялық емес ұйым немесе қоғамдық бірлестік біздің сайлауда байқаушы қызметін атқаруға ниет білдірсе, онда олар 10 қаңтарда Учаскелік сайлау комиссиясына келіп, келесі құжаттарды тапсыруы керек. Ең алдымен, керегі – нұсқау қағазы. Онда азаматтың не үшін, қайда, қандай участікке бара жатқаны туралы нақты көрсетілген болуы керек. Қоғамдық ұйым өз қызметінің мақсаты ретінде азаматтардың саяси құқығын іске асыра алуы қажет. Егер ұйым қаулысында мұндай қызмет түрі болса, еш мәселе туындамайды. Ал керісінше болған жағдайда, бұл өкіл  сайлауға жіберілмейді. Сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне қатыстырылмайтыны Конституциялық заңда да нақты жазылған, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы