Сайлау-2021: Біржан сал ауданында 3 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды

25 Шілде 2021, 12:46
1702
Бөлісу:
Сайлау-2021: Біржан сал ауданында 3 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Біржан сал ауданында үш мыңға жуық сайлаушы саяси науқанда өз таңдауларын жасайды.

Ақмола облысының 95 ауылдық округі, ауылдары, кенттері және аудандық маңызы бар қалалары сайлау науқанына тартылды. Жаңа форматтағы сайлауға 292 кандидат қатысады.

Nur Otan партиясының бақылаушысы Кира Антонюк – Бурабай ауданының экология колледжінің оқытушысы. Сайлау кезіндегі жауапты міндеті – Андықожа ауылындағы әкімдер сайлауының барысына бақылау жасау.

Мен сайлауға бірінші рет қатысып отырған жоқпын, бірақ бұл ерекше сайлау, ауыл адамдары үшін маңызды оқиға дер едім. Ауыл әкімінің тікелей сайлауы жергілікті мектепте өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Тұрғындар Мемлекет басшысының белсенді дауыс беруге үндеуін жақсы қабылдады. Ел тарихында сайлаушылар алғаш рет округтің жаңа әкімін өздері сайлайды. Олардың пікірінше, жаңа әкім қажетті өзгерістерді халық мүддесіне сай жүзеге асыра алатын адам болады. Оның халық алдындағы жауапкершілігі де артады, - дейді Кира Антонюк.
Учаскеге бірінші болып келуге асыққан сайлаушылардың көңіл-күйіне қарап ауыл тұрғындарының бүгінгі саяси науқанға ерекше белсенділікпен атсалысатынын аңғаруға болады.

Сайлау-2021: Біржан сал ауданында 3 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды

Бақылаушы жаңа әкімнің сайлануымен ауыл тұрғындарын толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелер біртіндеп шешімін табады деп үміттенеді.

Тұрғындарды жайылым мәселесі толғандырады. Әсіресе абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мәселесін алға тартады. Жол да күрмеулі мәселелердің бірі. Мысалы, Бурабай ауданындағы Мәдениет ауылына дейін жол жақсы, ал Андықожаға апарар жол жөндеуді тілейді. Ауылда игілікті істер де көп. Осы уақыт ішінде мешіт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары салынды. Біз ауылдың дамып келе жатқанын көріп отырмыз, бірақ әлі шешілмеген проблемалар бар. Оларды жаңа әкім шешеді деп үміттенеміз, - дейді бақылаушы Кира Антонюк.
Сайлауда санитарлық нормалар сақталуда, ал комиссияның барлық мүшелсі екпе алды.
Сайлау өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық сайлау учаскесінде термометрия жүргізіледі, әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылау жүзеге асырылады. Сайлау комиссиясының мүшелері вакцинаның бірінші компонентін жүз пайыз алды, 71%-ында вакцинация паспорты бар, қалған сайлау комиссиясының мүшелері теріс ПТР-тест болған жағдайда жіберілді, - деп атап өтті Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Ақмола облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ризахмет Жанбеков қазірг барлық сайлау учаскесінде полиция қызметкерлері тұрғанын айтты.
Кешегі күннен бастап құқық қорғаушылар дауыс беруге арналған бюллетеньдер сақталған ғимараттарды күзетумен айналысып, бүгін қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті. Тұрғындар дауыс беруге арналған залға сайлау комиссиясы төрағасының шақыруымен ғана кіреді. Осы уақыт ішінде ешқандай төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ, - дейді Ризахмет Жанбеков.

Өзгелердің жаңалығы