Бас жаңалықтар
Сауда және интеграция министрлігі жаңа бастамалар ұсынды
22 Қыркүйек 2020, 10:18 239

Сауда және интеграция министрлігі жаңа бастамалар ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Сауда және интергация министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Сондай-ақ, министр бұл мақсатқа жету үшін Үкіметке бірқатар бастама ұсынды. 

Солардың бірі - тұтынушылардың барлық қоғамдық ұйымдарын біріктіретін Ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру, үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын қалыптастыру. 

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде тұтынушылардың мүдделеріне қатысты реттеушілік әсерді талдау және уәкілетті органмен келісу міндеттілігін енгізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына қосу қажет, – деді министр.   

Оның айтуынша, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне, ағылшынша атағанда KPI, тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.  

Аталған инициативалар қолдау тапқан жағдайда қысқа мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер еңгізуге дайынбыз, - деді Бақыт Сұлтанов. 


Фото: дереккөз
Загрузка...