Бас жаңалықтар
Сауд Арабиясында әйелдерге шетелге жалғыз шығуға рұқсат етілді
21 Тамыз 2019, 10:29 199

Сауд Арабиясында әйелдерге шетелге жалғыз шығуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясында әйелдерге ер адамсыз саяхатқа шығуға және туған сәбиді өздігінен тіркеуге рұқсат етілді.

Сауд Арабиясында 20 тамызда ерлер мен әйелдердің құқығын теңестіруді көздейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу күшіне енді.

Енді әйелдер туыс болып келетін ер адамсыз саяхатқа шыға алады, сонымен қатар, отбасылық кейбір шаруаны да әйелдер атқара алатын болды.

Бұған дейін Сауд Арабиясында 21 жасқа толмаған қыздар мен жігіттерге шетелге шығу үшін қамқорлығындағы адамның рұқсаты талап етілетін.

Сауд билігіндегі мақұлданған заңнама аясында енді әйелдер шетелге шығу үшін төлқұжатты да өздері алуына болады.

Сондай-ақ, дүниеге келген баланы тіркеп, туу туралы куәлігін алуға рұқсат етілді. Қаза болған адамды ресми түрде тіркей алады, неке қию және бұзу туралы өтінішті де бере алады.

Былтыр әйелдерге көлік айдауға рұқсат етілген болатын.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық