Қыста көліктің жанар-жағармайын үнемдеу үшін не істеу керек?

28 Қараша 2020, 22:36
2945
Бөлісу:
Қыста көліктің жанар-жағармайын үнемдеу үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «За рулем» журналының сарапшылары қысқы уақытта жанар-жағармай шығынын азайту тәсілдерімен бөлісті.

Сарапшылардың пікірінше, суық мезгілде қозғалтқышты көп уақыт қыздырмаған дұрыс. Себебі қазіргі қозғалтқыштарға ұзақ уақыт қыздыру қажет емес. Көлікті қардан тазарту уақыты қозғалтқышты қыздыруға әбден жеткілікті. 

Бұдан бөлек көлікті оталдырғаннан кейін бірден жылдам жүрмеген дұрыс.

Көліктегі қарды толығымен тазартқан дұрыс. Өйткені көлік жеңілдей түседі, сондай-ақ қарсы беттегі ауа ағымына қарсы тұру оңайырақ болады. 

Қыста көлік шинасындағы ауа қысымын да бақылау қажет. Себебі аязда оның қысымы түсіп кетеді. Салдарынан көлік жанар-жағармайды көбірек жұмсайды. 

Жанар-жағармайдың аз жұмсалуына тұтқырлығы төмен мотор майы да себептеседі. Бұдан бөлек автокөрпешені де қолданған жөн. Ол көлік тоқтап тұрғанда мотордың суып қалуына жол бермейді. 

Сарапшылар көліктен артық заттың бәрін алып тастауды ұсынады. Мәселен көлік төбесіндегі жүксалғышты. 

Сонымен қатар көлік жүргізу мәнерін де қыс мезгілінде өзгерткен дұрыс. Қыста көлікпен жүйіткімей, бірқалыпты жүрген жөн деп есептейді.

Өзгелердің жаңалығы