Бас жаңалықтар
Сараланып барып салынған акциздер ұлттың жақсаруына әкеледі – зерттеу
29 Қыркүйек 2021, 19:31 895

Сараланып барып салынған акциздер ұлттың жақсаруына әкеледі – зерттеу

Алматы, BAQ.KZ. Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан туындаған зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы тауарлардың жекелеген топтарына салынатын акциздерге талдау жасауды ұсынды.

Қауымдастықтың жұмыс тобы жүргізген осы зерттеудің мақсаты ЕАЭО-ға кіретін елдерде зиянды азайтуға негізделген салық салу тәсілін қолдану мәселесін зерделеу болды. Зерттеу шеңберінде инфекциялық емес аурулардың даму тәуекелдеріне алып келуі және адам денсаулығына қатер төндіруі мүмкін тауарларға қатысты ЕАЭО елдерінің саясаты зерделенді, атап айтқанда, бұл көлік, темекі өнімдері және алкогольдік ішімдіктер.

Зерттеу көптеген елде сараланған салық салуды қолдану мәселелерінде зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттары ескерілетінін атап өтті. Адам денсаулығына зиянды өнімдер мен тауарларға аз зиянды баламаларға қарағанда жоғары салықтар салынады. Зерттеу авторлары зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттарымен бірге салық салу тетіктерін қолдану үлкен оң нәтиже беретінін атап өтті, өйткені бұл тәсіл компанияларды тұтынушылар үшін аз зиянды өнімдер шығаруға ынталандырады. Аз зиянды өнімдерді тұтыну, өз кезегінде, қоғамдық денсаулыққа да, қоршаған ортаға да оң әсер етеді. Зерттеу авторларының пікірінше, ЕАЭО елдеріндегі дәстүрлі тыйымдар мен шектеулерді мемлекеттік реттеудің маңызды тетігі ретінде зиянды азайту тұжырымдамасы сияқты тиімді құралмен толықтыру қажет.

Адам денсаулығына жағымсыз әсері бар тауарларға қатысты адам ағзасына жағымсыз әсер ету дәрежесіне қарай сараланған салық салу (акциз) қолданылуы тиіс. Азаматтардың денсаулығын сақтау аясында мемлекеттік бюджетті толықтыру нәтижелері болып табылады, - дейді «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын төмендету жөніндегі басшысы Бақыт Түменова.

Көлік

Автожол көлігінің денсаулыққа зиянды әсері: ауаның ластануы, шу, ЖКО, жаяу жүргіншілер мен велосипед кеңістігінің шектелуі.

ЕАЭО елдерінің көлік салығын талдау жалпы алғанда электр тартымында автомобиль көлігін дамытуды қолдаудың оң үрдісі бар екенін көрсетті. 2019 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде ЕАЭО елдеріне импорт жалпы сомасы 14,86 млн.АҚШ долларына 292 автокөлікті құрады. Армения импортының үлесі 0,7%-ды, Беларусь – 30,8%-ды, Қазақстан-7,2%-ды, Ресей-61,3%-ды құрады. Негізінен электромобильдер АҚШ, Қытай, Австрия, Германиядан әкелінеді.

Мемлекеттер көлік салығын енгізе отырып, әртүрлі мақсаттарды көздейді, бір елде көлік иелері зиянды шығарындылар үшін, екінші елде – көліктің өзімен жүру мүмкіндігі үшін төлейді. Шетелдік практикада көліктік салық салудың айрықша ерекшелігі салықты отын құнына қосу болып табылады, ал ЕАЭО елдерінде салық негізінен жеңіл автомобиль қозғалтқышының қуатынан алынады.

Көлік құралдарының иелері үшін ең оңтайлы және әділ көлік салығын қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшеріне немесе экологиялық көрсеткіштерге байланысты белгілеу болар еді. Бұл салықты дұрыс саралаған кезде, тұрғындар ең аз зиянды шығарындылармен, соның ішінде электромобильдермен жұмыс істейтін автомобильдерді сатып алуға ынталандырылады.

Темекі

ЕАЭО елдері темекі өнімдерін тұтынудың жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл ретте тұтыну тұрғысынан Ресейдің темекі нарығы ЕАЭО барлық нарығының 84%-ын алады. Тұтыну көлемі бойынша келесі орында Қазақстан мен Беларусь тұр, олардың үлесі 7% және тиісінше 6% құрайды. Жалпы нарықтағы ең аз үлесті Армения мен Қырғызстан алады: бұл елдерге 1% және тиісінше 2% тиесілі. Мұндай бөлу елдердің ауқымын ескере отырып, табиғи болып табылады. Бірақ бұл демографиялық фактормен ғана емес, сонымен бірге темекі шегетін халықтың үлесіндегі айырмашылықпен де байланысты.

Адам денсаулығына негізгі зиян темекі түтінінде бар темекінің жану өнімдерімен келтіріледі. Темекі түтіні көптеген химиялық заттардан тұрады, олардың көпшілігі канцерогенді болып табылады.

Алайда әлемнің дамыған елдерінде балама заттар кең танымалдылыққа ие болып отыр - құрамында никотині бар сұйықтығы (НБС) бар электрондық темекілер және қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (ҚТБ), олардағы темекі қоспасы немесе құрамында никотині бар сұйықтық электрондық құрылғылардың көмегімен жану процестерінің пайда болуына және жанып кету өнімдерінің туындауына жеткіліксіз температураға дейін қыздырылады. Осылайша НБС және ҚТБ темекі шегуге арналған темекі бұйымдарымен салыстырғанда денсаулыққа қауіптілігі төмен өнімдер болып табылады және никотинді тұтынуды тоқтатқысы келмейтін, бірақ бұл әдеттің зиянын айтарлықтай азайтуға ұмтылатын адамдар үшін балама ретінде қызмет етеді.

Темекі шегушілерді темекі өнімдерінен бас тартуға ғана емес, сонымен қатар, егер темекі шегуші өз әдетінен бас тартқысы келмесе, никотин өнімдерінің аз зиянды түрлеріне көшу мүмкіндігін қалдыруға ынталандыру үшін темекі өнімдеріне салық салуға сараланған тәсілді қолдану орынды болып көрінеді. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елі темекі қоспасының салмағын салық салынатын база және темекіге иіскейтін, шегетін, шайнайтын, соратын ставкаға тең ставка ретінде белгілей отырып, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар үшін акциздік салықтың жеке санатын құрды. Мысалы, Еуропалық Комиссия (ЕК) ЕО-ға мүше елдерге осындай өнімдерді өнеркәсіптік өңделген темекіге ұқсас ставкалар бойынша салық салуды ресми түрде ұсынды, - деп атап өтті ҚР Үкіметінің Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобы басшысының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Осылайша, әлемдік тәжірибе адам денсаулығына келтірілген зиянға байланысты өнімдерге акциздік салық салу бойынша сараланған тәсілді қолдануды куәландырады, бұл қоғам талаптарына толық жауап береді.

Алкоголь

Алкоголь өнімінің әртүрлі түрлеріне акциздер ставкаларын саралау тұтынушыларды неғұрлым қолжетімді әлсіз градусты алкогольді сатып алуға ынталандырады. Мұндай үрдіс, тұтастай алғанда, ЕАЭО елдерінің экономикасына оң әсерін тигізеді, халықтың денсаулығын сақтайды және тиісінше күшті алкогольді тұтыну салдарымен байланысты шығындарды азайтады.

Әр елдегі алкоголь өндірісі мен айналымы экономикалық жағынан да, саяси тұрғыдан да сезімтал екені анық. Алкогольге арналған акциздер мөлшерлемелерінің теңгерімсіздігін төмендету мақсатында ЕАЭО елдерінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің алкоголь өнімдеріне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім пысықталуда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...