Бас жаңалықтар
Сапарбаев: Ең бастысы – жерді тиімді пайдалану керек
24 Қаңтар 2021, 00:19 153

Сапарбаев: Ең бастысы – жерді тиімді пайдалану керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасарларының, аудан және бірқатар ауыл әкімдері, басқармалар мен департаменттер басшылары, үкіметтік емес сектор мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. 

Онда 2020 жылдың жұмыс нәтижелері мен ағымдағы 2021 жылға арналған міндеттер сараланды.

Қоғамдағы көңіл-күйді, адамдардың көзқарастары мен қажеттіліктерін түсінуге негізделген әлеуметтік сауалнамалар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Қайырымдылық шаралардан көзбояушылық жасаудың қажеті жоқ, бәрі шынайы ниетпен орындалуы тиіс. "Асарлатып үй салу" жобасы тек жеке отбасының тұрғын үй мәселесін ғана шешіп қоймай, жергілікті қоғамдастықтың бірігуіне, неғұрлым берік қарым-қатынас орнатуға ықпал етуі керек. Өткен жылы "Бейбітшілік пен келісім", "Үлгілі ауыл", "Көшпелі қоғамдық қабылдау", "Түлек.кз" және басқа да игі жобалар қолға алынды. Олар жалғасуы тиіс. Әкімдер әлеуметтік желілермен өзара іс - қимылды, қоғамдық пікір көшбасшыларымен жұмыс істеуді үйренуі қажет, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы 5,3 пайызға өсіп, егістік алқап 735 мың гектарды құрады. Облыстың азық-түлік брендтері ретінде ол пияз, бал, ірімшік және балықты атап өтті. Әр ауданда кем дегенде тағы бір әлеуметтік павильоннан салу керектігі айтылды. Бүгінде Берік Нығмашев тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы жүзеге асқан ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Су қорын құру үшін арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде. Екі жылдан бері әрбір ауылдық елді мекенді ветеринарлық пунктпен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей келеді.

Ең бастысы – жерді тиімді пайдалану, суармалы алқаптарды ұлғайту. Өткен жылы су аз болды, биыл одан да аз болуы мүмкін. Сондықтан егістіктерде су үнемдеу технологияларын, жаңбырлатқыш қондырғыларды белсендірек енгізіп, қайта өңдеуді дамыту қажет, - деді Бердібек Сапарбаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...