«Самұрық-Қазына» басшысы халықтың әл-ауқатын арттыратын жоба туралы айтты
4 Мамыр, 11:54 535

«Самұрық-Қазына» басшысы халықтың әл-ауқатын арттыратын жоба туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Самұрық-Қазына» инвестициялық жобалары қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  мәлім етті.

Оларды жүзеге асыру мыңдаған жұмыс орындарын ашып, азаматтардың кірісін арттырады. 13 басым жоба Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылым нысандарын жедел салуға және жаңғыртуға бағытталған. Мәселен, Батыс Қазақстанды сумен және газбен қамтамасыз ету, Алматы қаласын газдандыру, энергетикалық орталық , темір жол көлігін дамыту, - деді спикер.

Ол компания елордадағы корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын екі есе қысқартылғанын атап өтті.

Қызметкерлер 248-ден 124 адамға дейін қысқарып отыр. 106 кеңесші  жұмыстан босатылды. «Кеңесшілер» институты ұйымдық құрылымнан толығымен шығарылды. Қордың барлық шетелдік өкілдігі жабылды. Олар Лондон, Бейжің, Абу-Даби және Мәскеу қалаларында. «Самұрық-Қазына» тобындағы алты компанияның , соның ішінде «ҚазМұнайГаз» пен «QazaqGaz» компаниясының басшылығы ауысты. Персоналды оңтайландыру « Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығына 2 миллиард теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 


Фото: дереккөз
Загрузка...