Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді
09 Қараша 2021, 16:29 270

Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан пәтер беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім мәлімдеді.

Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пәтер кілтін тапсырды, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.

Бұған дейін еліміздің бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлеріне өз атынан қосымша сыйақы беретінін айтқан болатын. Федерация ақпаратына сүйенсек, бірінші орын үшін 70 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сертификат табысталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...