Сағынбек Асылбеков: Жаңа президентіміз жаңа бастамаларға жол бастағай

13 Маусым 2019, 22:57
3980
Бөлісу:
Сағынбек Асылбеков: Жаңа президентіміз жаңа бастамаларға жол бастағай

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы Кентау филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков жаңа президентіміз ұлықтау рәсімінен кейін бірден халықтың жағдайын жақсартатын, жемқорлықтың алдын алатын, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың құқықтары мен баспана мәселесіне басымдық беретін бағыттарды атап өткені көкейінен шыққанын айтты.

Оның айтуынша, жаңа президенттің облыстарды дамытуды қолға алып, жастарды қолдауы өте орынды мәселе.

«Елімізде тариxи оқиғалар орын алуда. Қарыштап алға қарай қадам басып, дамудың даңғыл жолына түскен елімізді ендігі кезекте жаңа басшы басқармақ. 9 маусым күні болған кезектен тыс ҚР президент сайлауында партиямыз ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың таңдауымен 77% көрсеткішпен ел президенті болып сайланды. Ел үшін талай жыл талмай тер төгіп, өзінің білімділігі мен қажыр-қайратының арқасында өзіне жүктелген қызметтерді абыроймен атқарып шыққан Қасым-Жомарт Кемелұлының ел сенімінен шығып, президент болып сайлануы халық тарапынан жасалған дұрыс таңдау деп санаймын. Ұлықтау рәсімінен кейін президентіміз 10 негізгі бағытты атап өтті», - деді Сағынбек Асылбеков.

Ол жаңа президентіміздің жаңа бастамалары көп болатынына сенімді.

«ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Ең бастысы - әрдайым қайда болмасын Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын боламын» деп атап өтті. Инаугурациядағы осы сөзінің өзі президентіміздің халықтың игілігі үшін, халықтың мүддесі үшін жұмыс жасайтындығын аңғартады. Олай болса, Жаңа президентіміз жаңа бастамаларға жол бастағай!», - деді Nur Otan партиясы Кентау филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы